USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Техникалық байқау құжаттын заңсыз жасайтындар ұсталды

  • 09.қараша.2021, 16:19,
  • 133

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан Ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, ел аумағында жалған тұлғаларға тек "қағазда" ғана бар 28 фирма рәсімделген.


Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары болмаған.


Қылмыстық топты Көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған.


2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай "қызмет" бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.


Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ "формальді техникалық тексерулер" жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайтын болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.10.2021
14.07.2021
11.06.2021
11.03.2021
07.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031