Бұл ауданда көбінесе ұйғыр ұлтының азаматтары тұрады. Содан болар әлеуметтік желіде "қазақтар мен ұйғырлар төбелесті" деген ақпарат тарап кетті. Жалпы, тұрмыстық кикілжіңнен туындаған жанжалды желіде бұрмалап тарату әдетке айналып барады, деп пайымдайды Telegram-дағы каналдардың бірі.
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекет құраушы ұлт – қазақ пен елімізден пана тапқан өге ұлттардың арасындағы татулықты сақтауда бірегей саясатты жүргізе бастады. Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Посткеңестік мемлекеттердің ішінде ұлтаратық татулықты біздей табысты қалыптастырған бірде-бір мемлекет жоқ.
Байқаймыз, Қазақстандағы тыныштықты көріп тыныш ұйықтай алмайтындар бар сияқты. Соңғы жылдары бәзбіреулер біздегі ұлттарды бір-біріне қарсы қойып,араздық тудыруға тырысып жатқандай. Себебі тұрмыстық жанжал әспеттеліп, ұлт арасындағы қақтығыс ретінде көрсетіле бастады. Бұған қоса, "Қазақстан халқы ассамблеясы таратылсын" деген ұрандар да жиілей бастайды. Бұдан ассамблеяға қарсы соғыстың жұмыс, халықтың оған деген жеккөрінішін қалыптастыру ойыны жүргізіліп жатқанын аңғаруға болады. Елдегі ұлт пен ұлыстардың арасына от жағып, жымысқы саясатты жүргізіп отырған кім, деген сауал тастайды пост авторы.