USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада кітапхана жетіспеушілігі сезіледі

  • 26.қазан.2021, 19:05,
  • 315

Нұр-Сұлтанда кітапхана желісін қалай кеңейтуге болады. Бұл туралы мәслихат отырысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов айтты.

Оның айтуынша, жыл сайын қала кітапханаларынан кітап сатып алуға 15 млн теңге қарастыру қажет. Әңгіме білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, сондай-ақ әлем әдебиеті, балалар әдебиеті, Брайль қарпіндегі кітаптар мен аудиокітаптардың туындыларын сатып алу туралы болып отыр.


"Төрт кітапхана жалға алынған бөлмелерде орналасқан. Жалға алу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3-тен 5 млн теңгеге дейін төленеді. Бұл мәселені шешудің бір жолы – ғимараттарды сатып алу және оларды "орталық кітапхана жүйесі" балансына беру немесе тұрғын кешен құрылысы кезінде бірінші қабаттарды кітапханалар үшін арнайы қарастыру", - деп түсіндірді Санат Шапашов.


Қаланың кітапхана жүйесін кеңейту қажеттілігіне бар, нормативтер бойынша 20 мың тұрғынға шаққанда кемінде бір кітапхана болуы тиіс, ал бүгінде елордада бар болғаны 18 кітапхана бар, яғни 63 мың қала тұрғынға 1 кітапханадан.


Кей аудандарда кітапханалар жоқ, мысалы, Есіл ауданында бір ғана кітапхана бар, оның өзі жалға берілетін үй-жайда орналасқан.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.05.2021
15.03.2021
31.10.2020
05.08.2020
14.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031