USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жұмсартылды

  • 24.қазан.2021, 16:20,
  • 158

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша шектеулі карантиндік шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, енді "Ashyq" жобасына қатысушы объектілер сағат 03.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары сағат 05.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.


Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакциналау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасының болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.


Облыс территориясында ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беріледі. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат.


Сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат етіледі.


Жаңа қаулының мәтінімен мына жерден толығырақ танысуға болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.10.2021
27.08.2021
03.09.2021
25.08.2021
08.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930