USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантиндік шаралар жұмсартылды

  • 27.августа.2021, 11:29,
  • 163

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта Алматыдан басқа қалаларда демалыс күндері ШОБ объектілерінің жұмысына рұқсат етілгені жазылған.

Алматы қаласын қоспағанда, 28 тамыздан бастап мына объектілер жұмысына рұқсат етіледі:


- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін,


- Ashyq" жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;


- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін.


30 тамыздан бастап Алматы қаласын қоспағанда Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.


Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Алматы қаласында карантиндік шаралар 4 және 6 қыркүйекте жеңілдетілуі мүмкін.

"Қоңыр қызыл" аймақтағы өңірлерде шектеу шаралары бұрынғыдай сақталады.


"Жұқпалы ауруы бар науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және орынның толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қоңыр қызыл" аймаққа ауысады . Өңір "қоңыр қызыл" аймақта кемінде үш күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады. Күшейтілген карантиндік шаралар "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді", делінген құжатта.


Қаулының толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2021
25.08.2021
09.08.2021
08.07.2021
29.06.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930