ҚР Қаржы министрлігі ғимаратының алдында 100 түп көшет отырғызылды, ол енді елорданың "жасыл" желек қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Іс -шара барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы Қаржы министрлігінің мерейтойына арналған іс -шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.
Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланымдарды ұсынатын боламыз. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильмді жарыққа шығару жоспарда бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталатын болады.
ҚР Қаржы министрлігі тәуелсіздік алғалы бергі жылдарда министрлікті 14 министр басқарғанын еске салды.