USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ералы Тоғжанов өңірлерде вакцинациялау қарқыны жайында сөз етті

  • 19.қазан.2021, 12:42,
  • 78

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысында халықты коронавирусқа қарсы вакциналау деңгейі төмен өңірлерді атады.

"Халықты вакциналау бойынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоспардың ең төмен орындалуы Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында 10-13% деңгейінде байқалды", - деп хабарлады Тоғжанов.


Ол премьер-министр Асқар Мамин бірнеше рет өңірлерге вакцина қарқынын жылдамдатуға тапсырма бергенін еске салды. Алайда, оның бағалауы бойынша, тапсырма тиісті түрде орындалмады.


"Өңірлердің әкімдері Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін үлгі етіп, вакциналауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс, сондай-ақ вакцина жоспарын орындамағаны үшін әкімдіктер басшылығы жауап беруі тиіс. Оң динамика болмаған жағдайда, әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймыз", - деп түйіндеді премьер-министрдің орынбасары.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.08.2021
18.08.2021
11.08.2021
02.07.2020
04.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930