USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

25 тамызға дейін барлық мұғалімдер екпе алып үлгерулері керек

  • 18.августа.2021, 09:59,
  • 143

Жаңа оқу жылы қарсаңына, яғни 25 тамызға дейін мұғалімдерді вакциналау жұмыстарын аяқтау қажет, деп тапсырды Үкімет басшысы Асқар Мамин бүінгі үкімет отырысында.

"Вакцина қорын толықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылына дайындық аясында 25 тамызға дейін мұғалімдер арасындағы вакцинациялау жұмыстарын аяқтау қажет, оқу орындарының дайындығына бақылауды күшейту керек", - деді Мамин.


Ол Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау процесінің қарқынын арттыруды тапсыра отырып, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында вакциналау жұмыстары жақсы көрсеткіштерге ие екенін атап өтті.


"Шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыру қажет. Бұл үшін өңірлерде мониторингтік топтардың жұмысын жандандандырып, тиімділігін күшейту керек. Барлық өңірлердегі мемлекеттік органдар вакцина алу қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысын кеңейтіп, "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндері локдаун режимін сақтау қажет", - деді Премьер-министр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
05.08.2021
03.08.2021
18.05.2021
18.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031