USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Евразиялық медиа форум жуырда онлайн форматта өткізіледі

  • 10.қыркүйек.2021, 09:39,
  • 160

2021 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында XVII Еуразиялық Медиа Форумы өтеді. Жиынға қазақстандық және әлемдік жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Бір жылдық үзілістен кейін форум өз көрермендеріне онлайн байланысқа шығады.


"Соңғы 2 жыл күрделі мәселелерді талқылау және оны шешу жолын іздеуде біріге отырып әрекет ету адамзат үшін маңызды екенін көрсетті. Сонымен қатар бүгінде трендтер тез жаңарып, жаңа ғана оқыған ақпарат өз өзектілігін жоюда. Алдағы форум пандемия кезінде әлемдік қауымдастық үшін маңызы артқан мәселелерді көтеріп, қайсысына ерекше назар аудару керектігін анықтауға және әрі қарай не істеу керектігін түсінуге арналған. Біз өмірдің әртүрлі салаларына қатысты, бірақ әрқайсымыздың өмірімізге әсер ететін тақырыптарды бір алаңға топтастырдық. Осы орайда форумды өткізуге қолдау көрсеткен серіктесттерімізге алғысымызды білдіреміз", - дейді EAMФ бас директоры Алмагүл Ахметжанова.


Еуразиялық медиафорум бағдарламасы үш күннен тұрады. Бірінші күн әлемге танымал сарапшылардың практикалық шеберлік сабақтарына арналады. Сондай-ақ Форумның бірінші күні аясында дәстүрлі дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жиында "Түркітілдес елдердің БАҚ-ы.


Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту" тақырыбы талқыланады.


Форумның екінші және үшінші күндері әлемдік саясат пен экономика, БАҚ, экология, білім және футурология сияқты салаларды қамтиды. Танымал халықаралық және қазақстандық сарапшылар пандемияның жаһандық үдерістер мен адами қарым -қатынасқа әсерін, медиа мен технология саласындағы тенденцияларды, нақтыланбаған ақпараттың шамадан тыс көп болу проблемасын, бүгінгі экологиялық күн тәртібін, сондай -ақ болашақ әлемнің келбетін талқылайды.


Екінші күннің қатысушыларын 4 сессия күтеді,оның ішінде:

  • "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия";
  • "Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?!";
  • "Ақпарат көп - шындық аз";
  • "Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік".

Үшінші күн жоспарындағы 4 сессияда да маңызды мәселелер талқыланатын болады:

  • "Ашушаңдық дәуірі. Әлемді билеп тұрған кім?";
  • "Медиа және технологиялар. 2021 трендтері";
  • "Еңбек нарығының болашағы және білім";
  • "Орындалған келешек әлемі", алдағы Форумның қорытынды сессиясы.

eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу басталды. Сол жерден спикерлер мен сессиялар және хабар тарату туралы ақпарат алуға болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
25.08.2021
22.07.2021
25.02.2021
19.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930