USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Pfizer елімізге қашан әкелетіні айтылды

  • 27.қыркүйек.2021, 18:26,
  • 198

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметте өткен брифингте коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының Қазақстанға жеткізілетін уақытын атады.

Тоғжанов қазіргі уақытта қазақстандықтар үшін коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина бар екенін айтты: Sputnik V, Sinopharm, QazVac.


"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы осы жылдың IV тоқсанында жеткізіледі деп күтілуде", - деді ол.


Сондай-ақ, ол ел билігі шетелдік вакциналардың тиімділігіне пара-пар келетін отандық вакцинаны қолдайтынын айтты.


"Өткен айда QazVac вакциналары 650 мың доза көлемінде шығарылды, ал осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтіліп отыр", - деп сөзін түйіндеді Тоғжанов.


Айта кетсек, 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметке Pfizer вакцинасын қазақстандық нарыққа тасымалы бойынша істі атқара алмай жатқандарға қарсы шара қолдануды тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.09.2021
10.08.2021
03.08.2021
23.07.2021
05.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031