USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жамбыл облысының тұрғындарына 2000 жуық жер телімдері беріледі

  • 25.қыркүйек.2021, 10:54,
  • 192

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл-аймақтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған түрлі бағдарламалары мен жобаларын бүгінде жергілікті елді мекендердің тұрғындары шарапатын көріп отыр.

Жол қадірін жүрген білер демекші, Жамбыл ауданына 2019 жылдың желтоқсан айында әкім болып тағайындалған Сәкен Арубаев өңірдің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату, халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарымен қатар жол жөндеу жұмыстарына айрықша екпін берген.


Мысалға, 2020 жылы аудандағы 24 ауылдың 76 шақырым жолы, яғни 96 ауылішілік жолы тақтайдай тегістеліп, асфальт төселсе, аудандық мәндегі 8,6 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолына жабынды төселген.


Бұл игіліктерге 1,1 млрд теңге қарастырылып, толықтай игерілген.


Жіктеп айтар болсақ, Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы мен 12 ауылдың 28 ауылішілік жолдарына 206 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, 22,9 шақырым жол орта жөндеуден өтсе, мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 12 ауылдың 61 көшесі мен 1 аудандық мәндегі жолды асфальттауға 702,9 млн теңге қаралып, 50,2 шақырым жол жаңарған.


Ал "Ауыл – ел бесігі" жобасымен 5 ауылдың 8 көшесіне 98,4 млн теңге қарастырылып, 5,5 шақырым жол орта жөндеуден өткен. Жалпы өңірде 415 шақырымды құрайтын 517 көше бар болса, бүгінде оның 176 шақырымы асфальт, 239 шақырымына шағалды төсем төселген.


Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да қарқынын жоғалтпады. Жыл соңына дейін аудандық мәндегі 5 жолды жөндеуге 125,2 млн теңгеге аударылды.


Олар: Бесағаш-Юбилейный, Құмтиын-Өрнек-Ерназар, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай бағытындағы жолдар.

Сондай-ақ 10 ауылдың 26 ауылішілік жолдарын жөндеуге 309,7 млн теңге бөлінген. Оның ішінде "Ауыл ел бесігі" жобасы аясында 6 ауылдың 10 көшесі және аудандық бюджет есебінен 8 ауылдың 16 көшесі осы жылы асфальттанады.


Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудан әкімі Сәкен Қаланұлының пікірін білген едік.



Алғаш жұмысқа кіріскен күннен бастап тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, ауылдарда көшпелі қоғамдық кездесулер ұйымдастырдық. Араға бірнеше ай салып жыл қорытындысы бойынша 17 ауылдық округте болып, жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп бердім.


Есептік кездесуде тұрғындардың айтар ұсыныс-пікірлерін хаттамаға толтырып, барлығын жазып алдық. Сол азаматтардың талап-тілегін саралай отырып, басым көпшілігі жол мәселесі екенін аңғардық. Кейіннен мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын, "Ауыл – ел бесігі" жобасы мен аудандық бюджетті халық алдында берген уәделердің орындалуына жұмсадық.


Мұнлай қомақты қаражатты құптауға қолдау білдірген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың еңбегән де атап өткеніміз жөн, - деп атап өтті Қаланұлы.


Жаңылмасам екі жылдың қорытындысы бойынша 130-ға жуық жол асфалттанады. Бұл біздің жоспар болатын. Бұдан бөлек осы екі жыл ішінде Ақбұлым, Жасөркен, Қызылқайнар, Бәйтерек, Шоқай, Қаратау елді мекендеріне сапалы ауыз су жүргізсек, Шайдана, Рахат, Ащыбұлақ, Тастөбе, Еңбек, Өрнек, Ерназар, Жұма, Қаракемер ауылдарына "көгілдір отын" жүйесін ауылішілік көшелеріне тарттық. Келер жылы аталған ауылдарды табиғи отынмен қамтылатын болады. Сондай-ақ Бесағаш пен Түрксіб елді мекеніне ауыз су тартуға 1,4 млрд қаражат қарадық. Жұмыстар басталуда.


"Ауыл азаматтарына жер телімін үлестіру, кезектілікті қысқарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін 7 ауылдағы 2000-ға жуық жер телімі тұрғындарға берілетін болады", – дейді аудан басшысы С.Арубаев.


Расымен 86 мыңға жуық халқы бар Жамбыл өңірінде ауыз толтырып атқаратын жұмыстар атқарылған. Бастысы - халық бұл игіліктерді сезініп отыр. Бұл орайда Шайдана ауылының тұрғыны Амангелді Қоңырбаевтың пікірін білген едік.


"Жас келсе іске дейді ғой. Шатаспасам ақпан айында ауылдық клубта аудан әкімі есеп береді деген соң сол жерге ақсақалдармен бірге барып, байлауын тапса да шешімін таппай жүрген табиғи отын, көше жарықтандыру мәселелерін көтердік. Аудан басшысы қағазына түртіп, келер жылы шешіп беретінін айтып, уәдесін берген еді", - деп атап өтті Қоңырбаев.


Міне, енді бүгінде сол уәдесі орындалып жатыр. Қуанымын. Жас болса да бас болып, айтқанын жасап жатқандар басшы болғанына. Биыл ауылішілік көшелерге тартылып, шырпыларын жүргізіп кетті. Көпберген, Абай көшелері күндізден де жарық. Осы менің айтарым, - дейді қария.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.02.2021
01.12.2020
14.11.2020
27.09.2020
24.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930