USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің вакцинация паспорты қай елдерде мақұлданды

  • 24.қыркүйек.2021, 16:36,
  • 95

ҚР СІМ COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакциналау паспорты қандай елдерде танылатындығын айтты.

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бой ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді.


"Осылайша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады", - делінген министрлік хабарламасында.


Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.


"Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде", - дейді ҚР СІМ.


Тиісті жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда, осы мәселе ҚР СІМ-нің бақылауында.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
10.08.2021
05.08.2021
15.06.2021
10.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930