USD 441.44
EUR 473.09
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аймағамбетов Пермьдегі қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты

  • 20.қыркүйек.2021, 17:09,
  • 111

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Пермь университетіндегі атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін. Қазан мектебінде болған теракт кезінде қаза тапқандардың жақындарының жаралары да әлі жазыла қоймады. Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін жақсарту қаншалықты маңызды және аса қажет екенін көрсетеді. Олардың қауіпсіздігі мәселесі білім беру мекемесінің әрбір басшысының басты міндеті болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар беріп қойған. Сондай-ақ, бұл мәселе Үкімет отырысында да жан-жақты қаралып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді", - дейді Асхат Аймағамбетов.


Оның айтуынша, жоғары оқу орындарының басшылығына оқу ғимараттарында да, жатақханаларда да қауіпсіздікті күшейту бойынша жеке нұсқаулық берілді: жабдықтарға түгендеу жүргізу, орталықтан басқарылатын бейнекамералармен қамтамасыз ету, кіріп-шығудың бақылау режимін күшейту. университеттерде және төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрететін сабақтар өткізу.


Ол министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірге білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру туралы құжат әзірлегенін атап өтті. Бұл құжат жобасын қоғамдық талқылау кезінде Білім және ғылым министрлігіне бұры -соңды болмаған көлемде сұрақтар мен түсініктемелер келіп түскен: 2 мыңнан астам.


"Құжат кейбір азаматтардың алаңдаушылығын туғызды, олар дабыл түймелерін, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер бойынша жаттығулар өткізуге қарсы екенін жазды. Бірақ мен бұл шаралардың барлығы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталатынына толық жауапкершілікпен жауап беремін. Әр оқу орнында барлық қауіпсіздік шаралары қолданылуы керек. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді түрде шешу үшін қосымша қаражат бөледі", - деп жазды министр.


Бұл - бейнебақылау камералары, күзеттің дабылдағыштары, дабыл түймелері, камераларды ішкі істер бөлімдерінің жедел басқару орталықтарына байланыстыру, кіріп-шығуды бақылау режимі және қауіпсіздік жүйесінің басқа элементтеріне қатысты.


"Техникалық шаралардан басқа, қызметкерлер мен дәріс алушылардың төтенше жағдайларда әрекет етуге қатысты білімі мен дайындығы да маңызды. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту мәселесі өте өзекті. Біз бұл аспектке ерекше мән береміз", - деді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
11.08.2021
15.03.2021
15.03.2021
03.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930