USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Димаш Құдайбергеннің жаңа хиты

  • 10.қыркүйек.2021, 10:52,
  • 72

Ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің "Новая волна" ән байқауында орындаған жаңа хит әуенді қалай жазғанын айтып берді.

Димаштың орындауындағы "Ave Maria" әні әлемді лезде шарлап, көптің көзіне жас алдыртып, әнсүйер қауымның жан дүниесін астан-кестен етті. Бұл - осы әнге YouTube желісінде пікір білдірушілерге ортақ көңіл-күй, айтар тоқетер сөз.


"Итальяндықтар кез келген композитордың соңғы туындысы қандай, оның өзі де соған сай деген пікірге жиі сүйенеді, яғни оған дейінгі барлық табыстары мен жетістіктері есепке алынбайды. Осындау музыка сүйер ел өкілдерінің (бұрын да, қазір де) даулы әрі қарама-қайшылыққа толы бұл пікіріне байыппен үңіліп, соңғы кездері жаңа туындыларымды итальяндықтардың осы бір призмасы арқылы қарастыра бастадым", - деп жазды Игорь Крутой Instagram-да.


Ол "Новая волна" байқауына бірнеше ай қалғанда Димаш оған қоңырау шалып, "Ave Maria-ны" жаңаша реңкте жазуға болатын-болмайтындығын сұрағанын айтты.


"Сол күні қолым бос еді, тура соған сай келе кетті, мен бірден фортепианома отыра кетіп, сүйікті ісіме рахаттана кірістім. Әдеттегідей, есіме жауапкершілік жайындағы итальяндық формула сап ете түсті, сондықтан қажетті нәтижеге жеткенше шабытпен жұмыс істедім... Құрылған композиция құлағымда әуелеп, бойды баурай жүрегіме жетіп, жанымды тербегенін сезіну үшін бірнеше күн тыныштыққа кеткенімде ноталарды Димашқа жолдадым, ол жарты сағат ішінде хабарласып, өзіне керегі дәл осы нәрсе екенін айтты. Әрине, "Новая волна" көрермендерінің Димашты қабылдауы мен ду қол шапалағынан сүйікті іспен айналысу, музыкаға осындай сезімтал бірегей керемет жанға ән жазу, аласапыран эмоция тудыру, көрермен тарапынан сұранысқа ие болу дегеннің қандай бақыт екендігін ұққандай боласыз. Бұл дегеніңіз: "Бақыт деген не?" деген тақырыпқа эссе жазғандай..." - дейді композитор.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.11.2020
26.08.2019
17.07.2019
27.06.2019
14.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930