USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Жамбыл облысындағы жарылыс болған аймақтағы тұрғындарға үндеу жариялады

  • 27.августа.2021, 09:17,
  • 203

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына жарылысқа байланысты үндеу тастады.

"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер,дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай,зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ,жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осы түнде.


Сондай-ақ Президент өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатқанын, қылмыстық іс қозғалғанын жазды.


"Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды", делінген Президенттің Twitter-дегі жазбасында.


Айта кетсек, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімі қоймаларының бірінде 26 тамызда сағат 19:00 шамасында өрт шықты. Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру көліктері тартылды.


Оқиға орнына министрдің орынбасары, генерал -лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, алты жарылыс болған. Зардап шеккендердің көбісі жарақаттанғандар, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр.


Жарылыстан Жамбыл облысы тұрғындары өз бетімен үйін тастап қашуға бел буған. Одан кейін жарылыс аумаққа жақын үйлердегі отбасыларды көшіру туралы шешім қабылданды."Алматы-Тараз" және "Тараз-Алматы" жолдары жабылды.


Таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жағдайдың толықтай бақылауға алынғанын хабарлады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2021
27.08.2021
27.08.2021
28.08.2021
29.08.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930