USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тараз облысындағы әскердегі жарылысқа қатысты қосымша түсініктеме берілді

  • 03.қыркүйек.2021, 09:26,
  • 184

Жамбыл облысындағы қоймада орын алған өртке қатысты Қорғаныс министрлігі БАҚ-тағы хабарламаларға қатысты ресми түсініктеме жариялады.

"Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылды. Ал нақты Байсақалов 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынды. Маусым айында өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды. Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар. Қазіргі кезде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізуде", - дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.


Ведомства атап өткендей, өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының ТЖД-ға хабарлаған.


"Бұдан әрі Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілеттілік беріледі", - делінген ресми хабарламада.


Ол үшін ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінде елді-мекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объектілер туралы мәліметтер болуы тиіс деп нақтыланады.


"Байзақ ауданындағы үйлердің аулаларының бірінен табылған оқ-дәрілердің қалдықтарына қатысты: Қорғаныс министрлігі пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы – "Қазтехнология" акционерлік қоғамына береді. Содан кейін "Қазтехнология" АҚ оқ-дәрілерді өндірістік кәдеге жарату, олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алу және оларды жою процесін жүргізеді. Осыдан кейін ғана оқ-дәрілердің сынықтары электрондық gosreestr.kz. сауда алаңы арқылы осыған уәкілеттік берілген "Қазтехнология" АҚ арқылы сатуға шығарылады. Табылған снарядтардың қалыптары мен оқсауыттары – бұл оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық сауда алаңы арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл металл сынықтарын "Бақтияр-Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылғы наурыздың соңында Түркістан облысы Арыс қаласындағы "Қазақтехнология" АҚ металл сынықтарының қоймасымен жасалған шартқа сәйкес сатып алған", - деп атап өтеді баспасөз қызметі.


Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға артиллерия оқ-дәрілері – снарядтар, зымырандар тасымалданған емес. Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға бұрынғы өрттен аман қалған инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі ғана жеткізілді.


"Өйткені бұл қоймада да осындай оқ-дәрілер түрі сақталады. Бұл қоймада артиллерия оқ-дәрілері сақталмайды", - делінген хабарламада.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2021
16.06.2021
15.05.2020
25.11.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930