USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде сот үкімі шықан педофильдерге бақылау орнатылады

  • 06.қыркүйек.2021, 13:06,
  • 201

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз брифингте балаларға қарсы жыныстық қылмыстармен қалай күрес жүргізілетінін айтты.

Оның айтуынша, балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу - министрліктің ерекше бақылауында.


"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді. Онда кызметтер мен бөлімшелердің басшыларына министр кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың қосымша шараларын белгіледі. Атап айтқанда, бұлар - әкімшілік қадағалауды күшейту және жазасын өтеген педофилдерге қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану", - деді спикер.


Жалпы, оның айтуынша, соңғы жылдары педофилдердің полицияның бақылауында болу шарттары едәуір күшейтілді: олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтеп жатыр.


Сонымен қатар, тараптарды татуластыруға, шартты түрде соттауға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
19.06.2020
03.03.2020
26.02.2020
25.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30