"Мүмкін әр нәрсені өз атымен атайтын уақыт келген шығар. Спортшылардың өнері сәтсіз болды деп айтсақ дұрыс болатын шығар, нәтиже төмен, мұны мойындау керек. Қазақстанда барлығы боксты талқылап, уайымдап кетті. Бұл жерде ешкім ақталғалы жатқан жоқ. Жігіттер жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз ұлттық құраманың бас бапкеріне сендік", - деді ол брифингте.
Артаев бұл мәселеге қатысты барлық жауапкершілікті бас бапкерге жауып, құтылуға тырыспайтынын айтты. Федерация вице-президенті дайындық процесі аясында көп жұмыс жүргізілгенін, боксшылар бірнеше стартта өнер көрсеткенін, бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткізгенін еске салды.
"Алайда, нәтиже осылай болды: біздің боксшылар екі қола медаль жеңіп алды. Дайындық туралы сұрақтар бар. Біз Кеңес кезінде қолданылған техникадан әлі де арыла алмай келеміз. Үш күндік жаттығулар өте қиын. Мүмкін, жаттығу процесінде өзгерістер қажет шығар, біз жаттықтырушылар құрамына қатысты мәселені де қарастырамыз. Мүмкін, боксшылардың диетасын өзгертетін шығармыз. Жұмыс жүріп жатыр. Иә, нәтиже төмен. Алдағы әлем чемпионатында елді жеңістермен қуанту үшін біз бұдан дұрыс қорытынды жасаймыз деп ойлаймын", - деді Бақтияр Артаев.