USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Маңғыстау облысында жұмысшы әйелдердің ереуілі

  • 05.августа.2021, 17:05,
  • 197

Маңғыстау облысы Қаражанбас кенішінде мұнайшыларға тамақ әзірлеумен айналысатын Caspian food компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты. 

Аспаздар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, видеомәлімдеме жасаған.


Сайттың жазуынша, жұмысшылар жалақыны екі есеге өсіруді және экологияға байланысты өздерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді, жол мен ПТР-тест шығынын өтеуді талап етіп отыр. Бұған қоса, жағдайы нашар отбасыларға немесе ерлі-зайыптылардың біреуі ғана жұмыс істейтін отбасыларға дотация төлеуді сұрап отыр.


Lada.kz сайты жариялаған видеода ондаған әйелдің жиналып, билік пен компания басшыларына мәлімдеме жасап жатқаны көрінеді. Олар жалақыны 180-200 мыңға дейін өсіруді сұрайды.


Caspian food компаниясының жұмысшылары экологиялық радиацияның денсаулыққа зиянын ескеріп, жалақыдан бөлек, коэффициент қосып төлеуін талап етеміз. Сонымен бірге асханада аспен қамтамасыз ету жағдайы қазіргі талапқа сай емес. Жұмысшылар мұнайшылар не жұтса, соны жұтып жүр. Сол себепті зияндылық үшін қаймақ, йогурт, айран, шұбат берілуін талап етеміз, дейді үндеуді оқыған жұмысшылардың бірі.


Наразылармен кездесуге Caspian food компаниясының кадр бөлімінің қызметкерлері шығып, олардың талаптарын тыңдап, өтініштерін қабылдаған. Мәселені қарастыруға уәде берген.


Бұған дейін Қаражанбас кенішінде "Қаражанбасмұнайға" аутсорсинг келісім-шартпен қызмет көрсететін Industrial service resources және "KMG-Security" күзетшілері жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуіл өткізген. Талаптары орындалғаннан кейін ереуілді тоқтатқан.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2021
09.07.2021
20.07.2020
05.07.2020
02.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031