USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аштық жариялаған мұңайшылардың талаптары орындалды

  • 09.июля.2021, 10:46,
  • 198

Жаңаөзенде алты күннен бері жұмысын тоқтатып аштық жариялаған мұнайшылардың талабы ақыры орындалды. "Кезби" серіктестігінде істейтін жұмысшылардың жалақысы 50 пайызға арттырылып, күрделі жұмыс істегендерге 35 пайыз көлемінде сыйақы төленетін болды.

- Ұжымдық дауымыздың нүктесі қойылды. Даудың шешілуіне атсалысқан әр азаматқа алғысымыз шексіз! Ереуілшілердің талабын арнайы комиссия қарастырып оң шешім шығарды.


1200-ге жуық адам жұмыс істейтін "Кезби" серіктестігінің жұмысшылары бір аптадан бері жұмысты тоқтатып, аштық жариялаған. "Өзенмұнайгаз" компаниясына сервистік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері 12 талап қойған: жалақыны көтеру, сыйақы төлеу, сауықтыру төлемін көбейту, мереке күндері қосымша ақы төлеу. Барлығы жұмыс беруші тарапынан қолдау тапты. Жауаптылардың айтуынша барлық материалдық төлем қосымша өндірістік жүктеме берілгенде және тариф көтерілгенде жүзеге асырылады.


Шадрах Ермекбайұлы, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы:


- Мекеме басшылары екі ай мерзімге дейін осы көтерілген нәрселерді шешуді өз қаражатына мойнына алды. Қыркүйектен бастап «Қазмұнайгаз»мекемесі қол үшін беріп көмектесіп, 50 пайызды беруге міндеттеме алды. 2022 жылда қаңтар айынан бастап 50 пайыз әлеуметтік сыйақы көтеріледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2021
03.01.2021
11.12.2019
14.11.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031