Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген құжатта.
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986).
ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).
Бүгін әнші 70 жасқа толып отыр.