USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бас муфтидің үндеуі

  • 13.июля.2021, 17:24,
  • 298

Құрбан айт қарсаңы алдында Бас мүфти Наурызбай қажы отандық кәсіпкерлерге үндеу жасады. 

"Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін", - деді ол.


Бас мүфтидің айтуынша, Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.


"Алланың рақым нұры төгілетін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік. Жаратушы Иеміз Құранда: "Өздерің жақсы көрген нәрсені Алла жолына жұмсамайынша игілікке жетпейсіңдер" ("Әл-Имран" сүресі, 92-аят) деп баяндаған. Сауаптар еселеніп жазылатын сәттерде Алла разылығы үшін елдің жағдайын ескеріп, тауар бағаларына жеңілдік жасап, әр отбасыға қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысайық", - деді Наурызбай қажы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2020
02.08.2020
30.07.2020
21.07.2020
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031