USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҰҚК кезекті арнайы операция өткізді

  • 08.июля.2021, 15:16,
  • 206

ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткінің халықаралық арнасын жойды. 

Ведомства мәліметінше, Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі "ауған факторы" болып табылады.


Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде.


Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы маусымда шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізу арналарының жолын кесу бойынша 2 халықаралық операцияны іске асырды.


Арнайы операция нәтижесінде 12,3 кг ауыр есірткі құралының Қазақстанға келіп түсуіне жол берілмеді. Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды.


Қырғыз Республикасынан жеткізілген есірткіні жасырын орыннан алу кезінде Тараз қаласында есірткі курьері – бұрын осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының "А" деген азаматы ұсталды.


Фигуранттар кінәларын мойындап, тергеумен ынтымақтасуда.


Есірткі қылмысы үшін жоғарғы мерзім 20 жыл не мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031