USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматылық ірі көлемде есірткі сатқан жерінен ұсталды

  • 25.мамыр.2021, 19:21,
  • 354

Алматыда ірі көлемде мефедрон есірткісін сатқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел деректер бойынша, Қостанай облысының 30 жастағы тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарын тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген.

"Осы уақыт аралығында ол курьерден сатушыға дейін көтерілген. Ер адам есірткі тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде одан 22 орам психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Күдікті осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "мефедрон" психотроптық заты екені анықталды", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Бұл факт бойынша соталды тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды



#полиция #есірткі #наша #Алматы #қылмыс 


скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан кадр
Тағы да оқыңыздар:
30.03.2021
05.04.2021
04.12.2020
15.08.2020
05.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031