Екі көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы сегіз адам жарақат алған.
БҚО полиция департаменті мәліметі бойынша, 1 шілдеде сағат 21:00 шамасында Жолқұдық ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болған
"Апат салдарынан 4 адам қаза болды, оның ішінде жеті жасар бала бар. Лада Гранта автокөлік жүргізушісі Оралдан келе жатқан. ВАЗ-2107 автокөлігі қарсы бағытта келе жатты. Көлік шамадан тыс жүктелген. Олар іс-шарадан қайтып келе жатқан. Лада көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Бұл уачаскеде тасжол қанағаттанарлық жағдайда, мүмкін жүргізуші көлік тізгінінде ұйықтап кеткен шығар, - деді БҚО ПД бастығының орынбасары Жанболат Жаншин.
Қазір дерек бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу тағайындалған.
#апат #БҚО #өлім #көлік #жол #асфальт