USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО-да 3 жасар бүлдіршін COVID-19 шалдықты

  • 03.қараша.2020, 17:09,
  • 384

Батыс Қазақстан облысында 3 жасар бала коронавирус жұқтырды.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе ауданында 3 жасар баладан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда ол барған балабақша карантинге жабылыпты.

"Балаға операция жасалман бұрын одан COVID-19 вирусының бар-жоғын білу үшін ПТР-тест алынған. Тест оң нәтиже көрсеткен. Ол балабақшадағы кезекші топқа барған. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемесі карантинге жабылды. Балабақшадағы барлық тәрбиеші мен балалар COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырды. Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, балабақша ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 7050-ге жетті. 6 846 науқас аурудан айықса, 121 адам қайтыс болған.

Қазақстанда пандемия басталғалы 113 309 адам COVID-19 жұқтырған. 106 716 науқас аурудан жазылды, ал 1 857 адам көз жұмған.



#коронавирус #бүлдіршін #бала #балабақша #птр #пандемия #бқо

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.10.2020
30.09.2020
25.09.2020
14.07.2020
09.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930