USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы өзіне өзі қол салды

  • 03.июня.2021, 18:27,
  • 294

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов асылып қалды.  

"ТоболИнфо" дерегінше, қайғылы оқиға бір күн бұрын Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалып, кешке туыстары оны асылып қалған күйінде тапты.


Қалыбек Байжанұлы Қызылорда облысының тумасы, Арал қаласынан шыққан. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасты. Үш жыл бұрын ол аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Біздің ұжым оны қатты құрметтейтін. Өте жауапты адам болатын. Біз оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, - деді Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бастығы мінетін атқарушы Азамат Жанайдаров.


Қалыбек Жүгінісовтің зейнетке шығуына үш жыл қалған еді. Оның артында әйелі мен үш ересек баласы қалды.

Марқұм Қызылорда облысында жерленеді.



#білімбөлімі #Қостанай #асылды #өлді #суицид 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.03.2021
23.02.2021
19.11.2020
07.09.2020
20.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031