USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

  • 27.мамыр.2021, 11:23,
  • 249

Қарағандыда екі жасөспірім теміржолда токқа түсіп қалды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. 

Жазатайым оқиға Федоровка ауданындағы теміржолда болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірімдер теміржол маңында жүрген және оны кесіп өтпек болған. Сол кезде теміржолда жүк пойызы тұрған. Олар бір жолды кесіп өткеннен кейін, екіншісінде вагонның астынан өтпек болған. Сол сәтте екеуін де ток ұрады. Олардың бірі есінен танып қалған, ал екіншісі көмек шақырған.

Есінен танып қалған зардап шегуші Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Бала реанимацияда жатыр. Ол комаға түскен. Екінші зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, үйіне шығарылған.

Бұл дерек бойынша полиция желілік полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Федоровка ауданы мен жақын маңдағы "Большая Михайловка" станциясы тұрғындары бірнеше рет жаяу жүргіншілер өткелін салуды сұраған болатын. Алайда мұндай оқиға бірнеше рет болғанына қарамастан олар вагондардың астынан немесе жолды айналып өтуге мәжбүр.



#тоқ #электр #бала #оқиға #Қарағанды 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031