USD 493.85
EUR 571.78
RUB 6.25
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан көз жұмды

  • 26.мамыр.2021, 16:15,
  • 263

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, танымал аудармашы Майя Мұстафина 81 жасына қараған шағында қайтыс болды. 

25 мамырда кешке Майя Мұстафина коронавирустан қайтыс болды. Ол биыл 2 мамырда 80 жасқа толған.

"Өте көп жұмыс істегеніне қарамастан, бізге керемет ана болды. Не істесе де отбасына жеткілікті уақыт бөлетін. Жануарларды қатты жақсы көретін еді. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды. Ол көпшілікті жақсы көретін еді", - деді Майя Мұстафинаның қызы Тоғжан Сейфуллина.

Мустафина Майя 1941 жылы 2 мамырда жазушы Ғабиден Мустафин мен Зейне Мустафинаның отбасында дүниеге келген. Мәжит Сейфуллиннің ұлы, Амангелдінің жары.

30 жыл бойы Алматы қаласындағы қазіргі ҚазХҚ және ӘТУ шет тілдер кафедрасында сабақ берген.

80-жылдардың соңынан ҚазКСР мұражайында (қазіргі Орталық мемлекеттік музей) жұмыс істеді. 90-жылдардың басынан ортасына дейін БУИГ француз фирмасында аудармашы болып жұмыс істеген.

"Ол республикадағы француз тілі саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Оның көп оқушысы жоғары лауазымдарға ие. Олар: дипломаттар, педагогтер және саясаткерлер", - деді ол.


#ҒабиденМұстафин #Майя #өлім #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.05.2021
20.04.2021
07.08.2020
08.07.2020
01.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031