USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2020 жылы бюджетті тиімсіз жұмсауға қатысты заңбұзушылықтар 1,5 есе өскен

  • 18.наурыз.2021, 15:15,
  • 330

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. 


Қазақстан Президентіне Есеп комитетінің төрағасы ведомствоның 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы уақытта орындайтын міндеттері жөнінде мәлімет берді.

Наталья Годунованың айтуынша, былтыр Есеп комитеті 18 аудиторлық және сараптамалық-аналитикалық іс-шара өткізіп, 47 триллион теңгеден астам қаржыға аудит жүргізген.

1,8 триллион теңгеге дейінгі бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға және жұмсауға байланысты заң бұзушылықтар 1,5 есе, 81 миллиард теңгеге дейінгі қаржылық заң бұзушылықтар 2 есе өскен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемия кезінде экономиканы қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасының іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы активтердің тиімді басқарылуына жүргізілген бағалау жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Президент Есеп комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді, атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіруді міндеттеді. 



#бюджет #ақша #заңбұзушылық #экономика #Тоқаев #Президент #Годунова 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031