USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Депутаттар зейнетақы жинағына ЭКҰ жасауға рұқсат беруді талап етті

  • 24.ақпан.2021, 15:01,
  • 244

Мәжілісмендер экстракорпоральді ұрықтандыруды (ЭКҰ) зейнетақы жинақтарын алу кезінде қолдануға болатын медициналық қызметтер тізіміне қайтаруды сұрады. Депутаттық сауал Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолданды. 

"Зейнетақы жинақтары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізімінен кепілденген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер алып тасталды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі осы бағдарламалар аясында халыққа көрсетілетін бірқатар тегін қызметтегі квота немесе кезек сияқты мәселелеріне назар аударып отырған жоқ", - дейді депутат Аманжан Жамалов Мәжіліс отырысында.

Жамалов бүгінде миллиондаған қазақстандық МӘМС аясында сақтандырылмағанын және сәйкесінше ешқандай медициналық қызмет ала алмайтынын атап өтті.

Депутаттың айтуынша, тегін медициналық қызметтерді зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін қызметтер тізімінен алып тастау "ешқандай сынды көтермейді".

"Әсіресе бедеулік мәселесіне тоқталғым келеді. Статистикаға сәйкес, еліміздегі әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, биылдан бастап экстракорпоральді ұрықтандыруға (ЭКҰ) квоталар саны 7000-ға дейін ұлғайды. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Бірақ, осы сала мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда бұл да жеткіліксіз. Қазіргі уақытта кезекте 10 мыңнан аса адам тұр. Яғни, биыл 3000 отбасы осы мемлекеттік квотаны ала алмайды", - деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, адамдар зейнетақы жинағын ауыр аурулардан кейінгі оңалтуға, қалыпқа келуге, сондай-ақ косметологиялық операцияларға жұмсауға рұқсат берілуі тиіс.

"Стоматология тізімге енгізілсе, бұл логика да дұрыс деп ойлаймын. Осы баяндаманы негізге ала отырып, ДСМ-нен медициналық қызметтер тізіміне ауыр аурулардан кейінгі оңалту мен қалыпқа келтіру қызметтерін, косметологиялық операциялар мен рәсімдерді, ЭКҰ және тағы басқаларын енгізуді сұраймын. Медициналық қызметтер тізімін азаматтық және медициналық қауымдастықтармен талқылау қажет", - деді Жамалов.



депутат мәжіліс парламент экұ зейнетақы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2021
19.02.2021
29.10.2020
02.09.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930