USD 519.98
EUR 600.06
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алимент төлемеген қарағандылық автокөлігінен айырылды

  • 21.қантар.2021, 12:21,
  • 295

Қарағанды қаласында Қазыбек би ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылар палатасымен және полиция басқармасымен бірлесіп алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты рейдтік іс-шаралар бастады. 

Қазір облыс орталығындағы сот орындаушыларының өндірісінде осы санаттағы 21 мыңдай іс бар, олардың 87% алиментті өз еркімен төлеуде. Қалғандары бойынша жиналған қарыз сомасы 300 мыңнан 5 млн теңгеге дейін құрап отыр. Рейд өз балаларын асырауға ақша беруге асықпайтын қаскөй борышкерлердің автокөліктерін іздеуге және ұстауға бағытталған.

Атап айтқанда, осы іс-шара барысында 2018 жылдан бері қарызы 3 млн теңгеден асқан борышкердің "Volkswagen Passat" маркалы автокөлігі алынып, айып тұрағына қойылды. Төлемеушіге берешек ерікті түрде он күндік мерзімде өтелмеген жағдайда мүлік сатуға беріліп, алынған ақша алименттік борышты өтеуге жұмсалатыны ескертілді.

Бұл санаттағы адамдарға қатысты рейдтік іс-шаралар бұдан әрі тұрақты түрде өткізілетін болады.



#алимент #қарағанды #бала #ажырасу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.12.2020
14.09.2020
10.06.2020
11.12.2019
06.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930