USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зейнетақы жарнасын пайдалану: Үй жөндеуге ақша тек жаңа баспана алса ғана беріледі

  • 29.желтоқсан.2020, 12:42,
  • 750

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін келер жылдан бастап жеке мақсатына жарата бастауы тиіс. Бірақ, оған аз уақыт қалса да алу мен жарату тәртібі толық жасалып бітпеген. Әзірге белгілісі, 8 түрлі мақсатқа жаратуға болады. Оның ішінде ипотекамен баспаналы болудың барлық түрі қарастырылған. 

Яғни бастапқы жарна ретінде төлеу, негізгі қарызды жабу, туысына аудару және тағысын тағы. Бірақ үйді жөндеуге ақша берілмейді.

Ләззат Ибрагимова, (Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы:


- Үй жөндеуге ақша тек жаңа баспана алған жағдайда ғана беріледі. Яғни жаңа баспананы бітпеген күйінде алып, ішіне жөндеу қажет болса, оған жаратуға рұқсат. Банкпен арадағы келісімшартта ол көрсетілуі керек. Ол нұсқа о бастан бірден қарастырылды. Ал дайын тұрған үйді құр жөндеуге жеке дара қаражат берілмейді.


Әзірге ұсынылып отырған нұсқада қордан шешіп алатын ақша үшін отбасы банкінен арнайы есепшот ашу керек. Ақша сол есепшотқа түседі де, діттеген жеріне 45 күн ішінде төленуі тиіс. Яғни баспанаға немесе ем-домға төлеу керек. Бірақ оқу ақысын төлеу бұл тізімге кірмеген.

Ақмәди Сарыбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:


- Бұл мәселені қарастырған кезде отбасына қажет негізгі әлеуметтік мұқтаждық ескерілді. Бұл – баспана, емделу. Ал білім алуға мемлекет онсыз да жеткілікті деңгейде грант беріп отыр. Сондықтан ең негізгі қажеттілікке келгенде білім алу қолдау таппады да, сондықт ан оны қосқан жоқпыз.


Зейнетақы жинағының ақшасы ипотека бойынша бастапқы жарна мен негізгі қарыз болмаса, айыппұл мен өсімпұлға төленбейді. Ем алуға, диагностика жасатуға, тіс емдетуге, пластикалық ота жасатып, радиохирургиялық ем қабылдауға төлеуге болады. Сондай-ақ оңалту-сауықтыру орындары және тағы басқа ақылы қызметке қолданылады. «Эко» арқылы босану мәселесі де қарастырылып жатыр.



#зейнетақы #жинақ #салымшы #бжзқ #қазақстан #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.12.2020
10.09.2020
09.09.2020
18.11.2019
12.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031