14 мамыр 2025, 23:54
USD 510.06
EUR 566.32
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысы қандай?

  • 03.желтоқсан.2020, 14:53,
  • 366

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қазақстандық мұғалімдер орташа есеппен қанша алатынын айтты. 

Ресми сауалға ведомство өкілдері Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, білім саласындағы қызметкерлердің 2020 жылдың II тоқсанындағы орташа айлық жалақысы 184,4 мың теңге екенін айтты. 2019 жылы 126,1 мың теңге болған. 

Сондай-ақ министрлік өкілдері мұғалімдердің жалақысы неге байланысты екенін айтты. 

Білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақы төлеу мыналарға байланысты жүргізілетіні анықталды:

  • білім деңгейі;
  • біліктің болуы;
  • еңбек өтілі;
  • еңбек жағдайы;
  • орындалатын жұмыс көлемі;
  • өтемақы және ынталандыру түріндегі үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар болған жағдайда, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және т.б. қосымша ақы).

Одан бөлек, ведомство өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік мекемелердегі мұғалімдердің жалақысы оқу жүктемесі негізінде ұйымның бірінші басшысы бөлетін және аптасына нормативтік жүктемені ескере отырып есептеледі.  



#жалақы #табыс #мұғалім #ұстаз #еңбекақы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.10.2020
03.08.2020
20.02.2020
30.01.2020
06.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031