USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда дәрігерлер үстемақысына қатысты 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

  • 26.қараша.2020, 16:04,
  • 684

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге. 

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  портал сұрауына жауапта айтты.

Мамандар 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығындағы ТКҚСҚБД шығындарын тексерген.

"Дағдарысқа қарсы іс-шараларға тартылған жалпы сомасы 55,6 миллион теңгеге заңнама нормаларын бұза отырып, мекеме қызметкерлерін ынталандыру үстемелерін есептеу мен төлеу кезінде бюджет қаражатын пайдалану деректері анықталды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Аудит нәтижелері бойынша, департаментке анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді. Оған жол берген адамдар да жауапқа тартылуы керек.

Еске салайық, 2020 жылдың сәуірінен бастап Алматы ТКҚСҚБД-ны Жандарбек Бекшин басқарады. 

Оған дейін басшы қызметін Айзат Молдағасымова атқарған. Ол сыйақыға байланысты жанжалдан кейін өз еркімен жұмыстан кеткен болатын. Сол кезде Желіде оның өзіне ең көп сыйақы жазып алғаны туралы ақпарат пайда болған. Кейін Айзат Молдағасымова бұл қауесетті жоққа шығарды.



#дәрігерлер #медицина #ақхалатты #үстемақы #ақша #заңбұзушылық


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2020
10.06.2020
08.04.2020
28.11.2019
11.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930