USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақшаны қандай валютада сақтаған жөн?

  • 08.қыркүйек.2020, 12:37,
  • 816

Сарапшы ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты.

Қор нарығы жөніндегі сарапшы Дмитрий Бабиннің айтуынша, бірнеше айға ақша жинағыңыз келсе, қаржыңызды швейцариялық франкте сақтау керек. Бұл ең тұрақты валюта болып саналады.

"Соңғы жарты жылда еуроаймаққа кірмейтін елдердің валюталары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Бұл - швед кроны, швейцариялық франк және дат кронасы. АҚШ долларына қарағанда жыл басынан бері олар тіпті еуродан басым түсті. Алайда ұзақ мерзімде тек швейцариялық франк жетекші позицияны сақтай алды. Өйткені ол тұрақты валюталардың бірі болып саналады", - дейді Дмитрий Бабин.

Сарапшы АҚШ-тың сыртқы сауда саясатындағы жоғары геосаяси тәуекелдерді, Еуропалық Одақ экономикасының проблемаларын және пандемияның екінші толқынының қаупін ескеру керегін атап өтті. Осы факторларға байланысты басқа еуропалық валюталар, оның ішінде еуроға деген сұраныс алдағы уақытта күрт төмендеуі мүмкін.

"Доллар бағамы да тұрақсыз болуы мүмкін. Оған себеп - қарашада өтетін президент сайлауы, АҚШ-тың ішкі саясатындағы нақтылықтың болмауы, елдегі азаматтық толқулар мен федералды резервтік жүйенің ультра жұмсақ монетарлық саясаты. Сондықтан швейцариялық франк тұрақты валютаның бірі болады", - ол.



#валюта #доллар #теңге #экономика 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930