Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде:
– 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 554,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
#экономика #42500 #әлеуметтіктөлем #ақша #МӘСҚ