"Тапсырыс беруші – "Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" ММ; атауы – мұз құрылыстарын жайластыру/күтіп ұстау/пайдалану бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – мұз айдындары мен қар қалашықтарын ағымдағы күтіп ұстау және жайластыру; жоспарлы сома – Т45 375 000", - делінген 7 тамызда жарияланған мемлекеттік сатып алу порталындағы лоттың сипаттамасында.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 10 тамыз сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Лоттың техникалық ерекшелігінде жұмысты орындау үшін сағатына 4 мың жұмысшы қажет болатыны көрсетілген. Қала 5579 мұзды кірпіштен тұрады. Бұл ретте жұмыс көлемі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан бір қызметті екіншісінің есебінен асыра орындауға болады.
Жұмыстарды орындау мерзімі - шартқа қол қойылған сәттен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
#мұзайдыны #нұр-сұлтан #қыс #лот