USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Асқар Мамин бизнесті қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

  • 31.июля.2020, 14:30,
  • 340

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал, халық пен бизнесті қолдау шаралары туралы ҚР денсаулық сақтау министрі А. Цой, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Н. Әбдірахманов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев баяндады.

Үкімет басшысы алдағы екі апта ішінде өз қызметін уақытша тоқтатқан экономика салаларының қызметін қалпына келтіру бойынша жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлеу тапсырылды.

Ең көп зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.

Премьер-Министр бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Кәсіпорынның жұмысына салынған тыйымды алып тастау алгоритмі кәсіпкерлерді тіркеуді және «Info Kazakhstan» электрондық платформасында қызметті қайта бастауға өтінімдер қабылдауды қамтиды. Әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері мен жұртшылық өкілдерінен құралған Комиссия тексергеннен кейін бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға электрондық рұқсат беріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне коронавирус инфекциясының алдын алу және ақпараттандыруды арттыру бойынша мобильді қосымшаларды енгізу тапсырылды.



#асқармамин #премьерминистр #бизнестіқолдау #карантин #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2020
28.07.2020
08.07.2020
23.06.2020
06.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930