USD 541.45
EUR 631.17
RUB 6.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Доллардың алдағы үш күндік ресми бағамы анықталды

  • 03.июля.2020, 19:16,
  • 418

Ұлттық банк алдағы үш күнде доллардың ресми бағамын қандай болатынын атады.

Ұлттық банк баспасөз қызметі өкілінің мәліметінше, сенбі, жексенбі және дүйсенбіде америкалық валютаның ресми бағамы 405,69 теңге болады. Бұл жұма күнгі долларға қарағанда 8 тиынға арзан (405,77 теңге).

Айта кетейік, 3 шілдеде сағат 17.00-де KASE-тегі валютаның орташа бағамы бір долларға 405,71 теңге болды.


Бұған дейін Сауд Арабиясы ОПЕК+елдері өндірісті қысқарту туралы келісімді орындалмаған жағдайда мұнай соғысын ұйымдастыра алатынын мәлімдеген болатын. Араб елінің энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Сальман жақында Ангола мен Нигерияға ультиматум жариялады. Ол орындалмаған міндеттер өтелу үшін өндірісті тағы қысқарту бойынша қосымша жоспар ұсынуды сұрады. Сондай-ақ, ол Ангола мен Нигерияның жолын кесу үшін мұнайды арзан бағада сата бастауы мүмкін екенін атап өтті.


Еске салайық, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жарты жылдықта 7,7 миллионға және 2022 жылғы сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге қысқарту туралы келісім жасаған. 


#доллар #валюта #опек #саударабиясы #ұлттықбанк 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2020
13.04.2020
11.03.2020
20.09.2019
11.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031