Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қалада үстемақы төлеу аяқталып қалды. Бұл қаражат медициналық сақтандыру қорынан бөлінді.
Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері неге үстемақы алмағанын түсіндірді.
"Бұйрықты түсіндіруде белгілі бір қиындықтар болды. Қазір бұл мәселе шешіліп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді. Атап айтқанда, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы тарапынан қабылдау бөлмесі, зертхана, клиникалық-диагностикалық бөлімше қызметкерлеріне қатысты түсініспеушілік болды. Қазір аталған бөлімшелердің барлық қызметкері коронавирус жұқтырғандармен тікелей байланыстағылар болғандықтан, бірінші топқа кіргізілді", - деді ол.