Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков "Сарыарқа" газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін іске асыру туралы дөңгелек үстелде айтты.
"Жоспар бойынша Сарыарқа газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына алып келдік. Екінші мәселе: Нұрсұлтан, Қарағанды, Теміртау өңірлерін газбен қамтамасыз ету. Әкімдіктің қолдауымен осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде", - дейді ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков.
Ол әкімдік ақпаратына сүйеніп, Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандарды газбен жабдықтау жұмыстары келесі жылы бітетінін айтты.