Ұлттық банк Алматы қаласынан елордамыз Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін де, қаржы саласымен тығыз байланыста болады. Осындай хабарландыруды Алматы қаласында өткен баспасөз-конфенерциясында Ерболат Досаев жасады.
Қазіргі Ұлттық банктің бас кеңсесі (Көктем - 3 ш.а. 21 үй) ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарылуына өтетін болады.
«Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға ғимараттардың дайын болған кезден бастап көшетін болады, алдымен жалға алу арқылы, кейін өзінің жеке ғимараты салынатын болады. Біздің болжауынша бұл 2020 жылдың көктемінде жүзеге асатын болады. Сәйкес келетін шешім қабылданды. Алматы қаласында Ұлттық банктің өкілдігі қалатын болады" - деп атап өтті ҚР ҰБ басшысы.
Ұлттық банктің басшысы халықаралық тәжірибені мысалға келтірді. Осылайша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдерінде барлық дерлік орталық банктер астаналарда орналасқан.
Енді ұлттық банк ақша-кредиттік саясатты реттеу сұрағына жұмылдырылатын болады.
"Үкіметпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен ортақ жұмыс банк қызметінің тиімділігін арттырады. ҰБ қаржылық бақылау агенттігімен де, қаржы қауымыдастығымен де байланысты жалғастыру үшін Алматы қаласында тұрақты өкілдікті ұстауға ниет етіп отыр",-деп сендірді Ұлттық банк басшысы.