USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан әуежайы ісі: төраға орынбасары жұмыстан шығарылды

  • 24.желтоқсан.2019, 11:30,
  • 499

Биылғы сәуірден бастап антикоррупция қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында көп жылдан бері болған ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Тергеу материалдары сотқа әлі түспеген, алайда әуежай басқарма басшысының орынбасарымен еңбек шарты үзілген.



Іс бойынша басты күдікті - "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева. Есепшінің және басқа фигуранттардың кінәсі әлі дәлелденбеген. Алайда әуежайдағылар соттың шешімін күтпестен осындай тұжырым жасап отыр. Антикоррупция қызметі әуежай басшылығына қатысты шара қолдануды талап еткен соң басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Мыңжасов қызметінен айырылған. Онымен келісімшарт үзіліп, өтемақы төленген. 


"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер көз алдындағы жымқыру ісіне жол бергені үшін кәсіпорын жетекшілерін тәртіптік жазаға тартуды талап еткен. Бізге мәлімет бергендер Мыңжасовқа жұмыстан шығару кезінде бірнеше миллион теңге өтемақы төленгенін айтты, ал оның бастығы Рәділбек Әдімолда тіпті жеңіл жазаланған", - деп жазады "Время" газеті. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
14.12.2019
28.11.2019
13.11.2019
28.10.2019
02.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30