USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бишімбаев Тоқаевтан рақымшылық сұраған

  • 11.қазан.2019, 13:30,
  • 423

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Қуандық Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандыру себебін түсіндірді.

25 қыркүйекте Шымкент қаласының Абай аудандық сотында Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қаралды.


"Сот өтінішті қанағаттандырды. Соттың тиісті шешімі 11 қазанда заңды күшіне енді. Мұның алдында Бишімбаев Мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтінішхат жолдаған болатын, ол 2019 жылдың ақпанында тағайындалған жаза мерзімін қысқартты. Бишімбаев кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Сот талаптары орындалды. Ол жазасын өтеп жүргенде оң мінездеме алды және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысты", - деп хабарлады комитет өкілдері.


Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқы, талаптардың өтелуі, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да жағдайлар ескеріледі.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.10.2019
26.07.2019
13.08.2019
24.07.2019
09.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031