Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында әр сектордағы құрылыс жұмыстары баяндалды.
"Шымкент қаласына тиесілі 10-секторда – 636 үй бар болса, бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 8 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Ал Батыс Қазақстан облысына қарасты 11-секторда 627 үй бар. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 107 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде барлық үйлер пайдалануға тапсырылады", - деді Ербол Ахметов қалада өткен аппараттық жиында.