USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Смайылов жеткіліктік шегінің артуы жөнінде пікірін білдірді

  • 09.желтоқсан.2021, 12:01,
  • 165

Үкіметте премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов БЖЗҚ қабылдаған жеткіліктілік шегін арттыру туралы шешімнің объективтілігіне қатысты пікір білдірді.

Смайылов бұл мәселені премьер-министрдің басқа орынбасары қарайтынын ескерте келе, жеке пікірін білдіріп өтті.


"Мұндағы жағдай қандай. Ешкім арнайы шешім қабылдаған жоқ. Бұл жыл басында қабылданған ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесінде болды", - деді Әлихан Смайылов.


Әлихан Смайыловтың айтуынша, төменгі жеткіліктілік шегі ең төменгі жалақыға байланған. Смайлов бұл әдістемені дұрыс деп есептейтінін де айтып өтті.


"Өздеріңіз білетіндей, ең төменгі жалақы көбейді, бұл дұрыс та. Соның нәтижесінде жеткіліктілік шегі де артты. Ең төменгі жалақы 41 пайызға өсті, бұл жеткіліктілік шегінің де өсуіне әкеп соқты. Жеткіліктілік шегінің өсуі қандай да бір сомалардың қолжетімсіз болатынын білдіреді", - деп айтты Әлихан Смайылов.


3 желтоқсан күні БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін арттырып жіберген еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.12.2021
03.11.2021
22.09.2021
26.02.2021
30.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031