USD 500.32
EUR 545.3
RUB 6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұшақ билеттер құны тағы қымбаттады

  • 08.қараша.2021, 18:30,
  • 141

Қазақстандықтар үшін ұшақ билеттері қымбаттай түсуде. Авиакомпаниялар қызметтерінің бағасы бір жылда 9%-ға өсті.

Өңірлер арасында ұшақ билеті бағасы өсуі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, жылдық динамикада бірден 30%-ға өсті. Анти-лидерлердің үштігінде Қызылорда (жылына 22,9%) және Маңғыстау (19,4%) облыстары да бар.


17 өңірдің ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында бағалар өткен жылдың қазан айындағыдай деңгейде қалды.


"Тағы үш өңірде бағаның төмендеуі байқалады: Павлодар (12,7%-ға), Батыс Қазақстан (15,3%-ға) және Ақмола (22,5%-ға) облыстарында", - делінген Finprom.kz зерттеуінде.


Сарапшылардың деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте әуе көлігі компанияларының кірістері 265,7 млрд теңгеге жетіп, бір жылдың ішінде бірден екі есеге жуық өсімді көрсетті.


Кірістердің негізгі бөлігі – 252,6 млрд теңге жолаушылар тасымалы есебінен, қалған 13,1 млрд теңге жүк тасымалдаудан түскен кірістер.


Салыстыру үшін: 2020 жылдың үш тоқсанында авиакомпаниялардың кірістері 135,8 млрд теңгені құрады – әртүрлі шектеу шараларына, шекаралардың жабылуына және COVID-19 пандемиясына байланысты басқа да проблемаларға байланысты бір жыл бұрынғыдан екі есе аз.


Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін елде авиакомпаниялар кірістерінің тұрақты өсуі байқалды.


"2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдің авиакомпаниялары 6,9 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 81,5%-ға көп.


2019 жылғы "дағдарысқа дейінгі" кезеңмен салыстырғанда ағымдағы жылы жолаушылар тасымалы 8,1%-ға өсті", делінген хабарламада.


Ағымдағы жылы жолаушылар айналымы 84,7%-ға, 10,9 млрд т/км-ге дейін өсті.


Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздің авиакомпаниялары 25 мың тонна жүк пен багажды тасымалдады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,8%-ға көп. Жүк айналымы 55,6 млн ткм-ге жетті, бір жыл бұрынғыға қарағанда 42%-ға артық.


2020 жылы азаматтық авиация компанияларының шығындары 350 млрд теңгеден асты.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31