"Қордың көлемі халықтың бензинге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осы жағынан алғанда, бензин тапшылығының орын алуына негіз де, алғышарттар да жоқ", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жанар-жағармай материалдары құнының негізсіз өсімі мен нарықта жасанды тапшылық туғызу фактілері тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.