USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дизель отыннан кейін, бензин қымбаттады

  • 03.қараша.2021, 10:02,
  • 192

Биыл отын нарығы мың құбылып, әсіресе дизельді көлік иелері әуре-сарсаңға түсті. Бір жылда олар екі рет солярка таппай қиналып, қымбатшылыққа да тап болды.

Соңғы дағдарыс күз келісімен басталған, артынан ірі желілер отын құнын 230 теңгеге дейін көтерді. Ал қысқы дизель Royal Petrol мен Petrol Asia-да 370 теңгеден саудаланып жатыр, дейді kolesa.kz.

Бензин бағасы соңғы уақытта біршама тұрақты болды. АИ-92 168-175 теңгеден сатылған. Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтап кетті. Мысалы: Helios 20 қазан мен 1 қараша аралығында сұранысы жоғары жанармайдың бағасын үш рет ауыстырды (173-174-ке, кейін 177 және 178 тг).

Қазір ірі желіге тиесілі бекетке барсаңыз, 92-нің бір литрін 178 теңгеден аласыз. "Газпром" ғана бензинді 179 теңгеден сатып жатыр. 92-мен бірге АИ-95-тің де қымбаттағаны анық. Оның құны 205-214 теңге шамасында.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031